Моңғолияда өткен президенттік сайлауда елдегі Демократиялық партияның өкілі Халтмаагийн Баттулга жеңіске жетті.
Бұл туралы Моңғолия Бас сайлау комитетінің жетекшісі Чойнзонгийн Содномцэрэн мәлімдеді.
Содномцэрэн айтуынша, Баттулга 611 226 дауыс (50,61%) жинап, Моңғолияның жаңа президенті болып сайланды.
Ал, Баттулганың бақталасы болған Моңғол ұлттық партиясының өкілі Миеэгомбын Энхболдты жақтап, 497 067 сайлаушы (41,16%) дауыс берген.
Дереккөз: 24.kz