ОҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті енді Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті болып жаңа атауға ие болды. Ал аталған мекемеге Денсаулық сақтау комитетінің ортақ шешімімен, ішкі конкурс арқылы Нұрбек Нышанов басшылыққа тағайындалды. Бұған дейін Төлеби аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасында басшылық еткен азамат, денсаулық сақтау саласына қатысты бөлімдерде лауазымды қызметтер атқарып келген. 19 маусымнан бастап жауапты міндетке кіріскен жаңа басшының ұжыммен бірлесіп атқарар жүйелі жұмыстарды күтеміз.
Айзада Бидан