Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, қазіргі Астана халықаралық қаржы орталығы төрағасы Қайрат Келімбетов БЖЗҚ директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
Келімбетовтен бөлек зейнетақы қорының директорлар кеңесінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева, жалғыз акционер өкілі Руслан Бекетаев, Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Майраш Козжанова, тәуелсіз директор Бисенғали Таджияқов, тәуелсіз директор Қадыржан Дамитов, Global Sovereign Advisors басқарушы серіктесі Борис Борозан және “БЖЗҚ” АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева бар.
Дереккөздің мәліметінше, директорлар құрамынан “АТФ банкі” АҚ басқарма төрағасы Энтони Эспина шығарылды.
Қайрат Келімбетов бұған дейін Ұлттық банктің басшылығында болған кезде БЖЗҚ-ны басқарған еді.
Дереккөз: naryk.kz