2016 жылы Қазақстанда жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті жастағы халық саны 8,3 млн. адамды құрады.
2016 жылы елдегі жұмыссыздық 5,0 пайызды құрады. Соның ішінде қала халқының 5,2 пайызы (259,4 мың), ал ауыл халқының 4,9 пайызы жұмыссыз.
2015 жылы бұл көрсеткіш қала халқы үшін 5,1, ауыл халқы үшін 5,0 пайыз болған еді.
Елдегі азаматтардың 441,8 мыңы жұмыссыз болса, соның ішінде 54,1 пайызы әйелдер.
Өткен жылы 16-58 жас аралығындағы (әйелдер) мен 16-63 жас аралығындағы (еркектер) жұмыс күшінің саны 8,8 млн адамды құрады. Ал бұл топқа жатпайтын жұмыс күшінің саны 2 млн-ды құрады.
Ел экономикасында былтыр 8,3 мың адам жұмыс істесе, соның ішінде 6,2 млн-ы (75 пайыз) жалдамалы жұмыскерлер, 2,1 млн-ы (25 пайыз) өзін өзі жұмыспен қамтушылар.
Салалар бойынша, қызмет көрсету саласында 63,8 пайыз, өнеркәсіп пен құрылыста 20,9 пайыз, ауыл, орман және балық шаруашылығындағылар 15,4 пайызды құрады.
Дереккөз: naryk.kz