«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға лайық деп санаған азаматтар туралы El.kz порталына жолдауға болады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық арнаның «Апта» бағдарламасына қатысқан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтып өтті.
Ол бүгінгі күні министрлік «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мультимедиялық алаңын құруға кіріскеніне тоқталды.
Біз «100 жаңа есімді» El.kz порталы арқылы жүргізетін болдық. Жобаға қатысамын дегендерге 1-ші маусымнан бастап осы порталда мүмкіндік беріледі. Қазір ұсыныстар жиналып жатыр. Жыл бойы іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Ол аяқталғаннан кейін, 100 есім Сарапшылық кеңестің бағалауы бойынша анықталады», — деді ол.
Дереккөз: Baq.kz