«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-гі мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-нан несие алды. Жалпы соммасы 932 млн АҚШ доллары болатын несие 13-жылға дейін беріліп отыр. Аталған қаржы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғырту жобасына жұмсалмақ. Естеріңізге сала кетейік , зауыт жаңғырту және реконструкциялау жобасын екі кезеңде жүзеге асыруда. Бірінші кезеңнің аясында нысанды іске қосу-реттеу ісі жүргізілсе, жобаны шілде айында аяқтау жоспарланған. Нысан іске қосылғанда К-4, К-5 экологиялық кластағы жоғарғы октанды бинзин мен дизель отыны алынады. Бензин өндіру көлемі жылына 460-мың тоннаға,дизель отыны 226 мың тоннаға, авиаотынды өндіру 27-мың тоннаға артады. Ал жалпы жобаның технологиялық күрделі кезеңі аяқталғанда , мұнай өңдеу қуаты жылына 6 млн тоннаға көбеймек. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС екінші кезеңде мұнайды терең өңдей алатын каталитикалық крекинг қондырғысы кешенін салуды қолға алған. Жомарт Бегімбет
САПАЛЫ АУЫЗ СУ ТАРАТУДА «СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГІНІҢ» МАҢЫЗЫ ЗОР
Қалада су құбыры жүйелері 60 пайызға, кәріз желілерінің тозығы 74 пайызға жеткен. Олардың деңгейін төмендетіп, әлеуметтік нысандарды жаңғырту бойынша Су...