Түркістан қаласындағы сазды-драма театры бұдан былай Қазақстанның Халық әртісі Райымбек Сейтметовтың есімімен аталатын болады. Осыдан 17 жыл бұрын қабырғасы қаланып, Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен ашылған өнер ошағы аптаның жұмасында жұртшылықты қуантты. Туған жерінде өнердің туын тіккен Райымбек Ноғайбайұлы тақыр жерден театр құрып, киелі шаһарға мәдениет әкелген тарлан талант. Міне, осы ұлы тұлғаның есімі Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы атанған жылы ұлықталып отыр.
Бағлан Байкөбекқызы