Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығына орай, сенбі күні ОҚО-нан арнайы делегация сапарға аттанды. Ауылы аралас, қойы қоралас болып кеткен көрші елдегі қандастардың қуанышына ортақтасу мақсатында. Мерейтойға қатысу құрметіне ие болған 57 адамды ОҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов бастап барады. Топ құрамында ОҚО мәслихатының депутаты, «Айғақ» Телерадиокомпаниясы» ЖШС-нің директоры Дулат Әбіш пен телеарнаның түсірілім тобы бар.
Қос елдің татулығы мен ынтымағы дәріптелетін шарада оңтүстіктің өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, туған жердің сәлемін арнайды.