Биыл шамамен 21 млн га егіс алқабын игеру жоспарда бар, олардың 15 млн га-ға жуығына дәнді-дақыл егіледі. Дәстүр бойынша басымдық бидай егуге берілді.
«Қазіргі таңда облыстар 375 мың тонна дизель отынының шамамен 350 мың тоннасына ақысын төлеген. 270 мың тоннаға жуығы тиелген. Тиеп әкету мен ақысын төлеу жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Көктемгі егіс жұмыстары белгіленген мерзімінде аяқталатынына сенімдімін», — деді Т. Рахымбеков.
Қазақстанда дәнді дақылдардан бөлек, жүгері, күріш, майлы дақылдар, көпжылдық шөптер, картоп, көкөністер, бақша дақылдары, қант қызылшасы, мақта егіледі.
Дереккөз: primeminister.kz
Фото: etoday.kz