Енді Шымкенттен Көкшетау қаласына қатынау қиын емес. Еліміздің Оңтүстігі мен Солтүстігін жалғайтын аспан кеңістігінде көпір орнатылды. Яғни, «Көкшетау-Шымкент» бағытындағы әуе рейсі салтанатты түрде ашылып, ұшақтың алғашқы сапарымен Ақмола облысының әкімі бастаған делегация Шымкентке ұшып келді. Сондай-ақ, іс-сапар барысында екі жақты ынтымақтастықты артыру меморандумы түзілді.
Жомарт Бегімбетов