Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісі Шымкент пен Таразда сезілді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2017 жылғы 5 мамырда Астана уақытымен 11.09.35 сағатта жер сілкінісі тіркелді.», — делінген ведомство сайтында жұма күні жарияланған хабарда.
Хабарда айтылғандай, жел сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-батыс бағытында 590 км жерде, Қырғызстан аумағында тіркелді.
Сейсмологтардың мәліметтерінше, жер сілкінісі Шымкентте 2-3 балл, Таразда 2 балл болып сезілді.
ҚазТАГ
Фото: inform.kz