Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Бірлікпен жеткен Ұлы Жеңіс: майдан батылдығы – тыл беріктігі» халықаралық жеңімпаздар форумы өтті, деп хабарлады ҚР Қарулы күштерінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, маңызды тарихи оқиға ретінде Ұлы Отан соғысы туралы мәңгілік еске алу, ұрпақ сабақтастығы және Ұлы Жеңіске бұрынғы Кеңес Одағы барлық халықтары өкілдерінің рөлі мен үлесін өзектендіру іс-шараның негізгі мақсаты болды. Форумның басында Астанадағы Отан қорғаушылар алаңындаМәңгілік алауға ұлттық делегациялардың гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті. Форумға мемлекеттік билік органдарының, ғылыми және сарапшылар қоғамының, ардагерлер мен жастар ұйымының өкілдері, шығармашылық қайраткерлер, ТМД, Грузия және Балтық елдері қатысушы мемлекеттерінің БАҚ өкілдері қатысты. Форум қатысушыларына Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау жеделхаты оқылғанын айта кеткен жөн. 2017 жылы Астананы форумды өткізу орны ретінде таңдау Ұлы Отан соғысы майданында шайқасқан, сондай-ақ өз аумағында көшірілген халықты, өндіріс кәсіпорындарын, мәдени және оқу орталықтарын қабылдап, орналастырған Қазақстанның көпұлтты халқының қосқан қомақты үлесімен негізделді. Форум барысында ТМД елдерінің саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері сөз сөйледі және «Біздің ортақ Жеңіс: ұрпақ арқылы естелік», «Еуразия елдерінің жас көшбасшылары: батырлардың ерліктері лайықты», «Жеңіс майданда қызды, Жеңіс тылда қызды» тақырыптары бойынша отырыстар өткізілді. Одан басқа, Ұлы Отан соғысының тарихын, посткеңестік кеңістік елдерінің мәдениеті мен БАҚ-та Ұлы Жеңістің бейнесін қалыптастыру тетіктері, Ұлы Отан соғысының тарихын бұрмалауға қарсы тұру жолдарын зерделеудің көкейкесті мәселелері талқыланды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен делегация мүшелеріне мәдени бағдарлама және ТМД қатысушы мемлекеттері әртістерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
ҚазТАГ.