«Ертең біз тұжырымдаманы талқылауды бастаймыз. Алдымен Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңесте, кейін кәсіпкерлердің ұлттық палатасының базасында, БАҚ-та талқылаймыз. Бұл заң жобасы қоғамда талқылаудың барлық кезеңінен өтуі тиіс. Заң жобасын биыл күзде Парламентке жіберу жоспарда бар», — деді Е. Біртанов.
Денсаулық сақтау министрлігінде заң жобасын 2017 жылдың соңына дейін қабылдап, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек саудада барлық дәрі-дәрмектерге шекті бағаларды бекіту жоспарланған.
Бұдан өзге, баспасөз конференциясы аясында Е. Біртанов Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз етудің жаңа үлгісін әзірлегенін мәлімдеді. Аталған үлгі халықтың жеңілдікке ие болатын тобын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етудің барлық түйіткілді мәселелерін жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді. Ендігі бірыңғай дистрибьютор жаңа үлгіге сәйкес еліміздің барлық түкпіріне дәрі-дәрмектерді уақытылы жеткізу, тарату және есепке алуға жауап беретін болады.
Ертең Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз етудің жаңа үлгісі қаралады. Сондай-ақ, оны іске асыру үшін бизнес-қоғамдастықпен пікір алмасу қажет.
Дереккөз: primeminister.kz