Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өңірде туберкулез ауруының алдын алу мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерін жаппай флюографиялық тексеруден өткізу шаралары басталды. Осыған сәйкес, бүгін ОҚМПИ-на арнайы жылжымалы флюографиялық қондырғы әкелініп оқу орнының студенттері тексеруден өтті. Айта кету керек, аталмыш институтта жалпы саны 3,5 мыңға тарта студент білім алса, олардың барлығы да жоспарлы тексеруден өткізілетін болады. Айта кету керек, туберкулез қоздырғыштары 80 пайыз жағдайда өкпені зақымдаса, 20 пайыз жағдайда ағзаның басқа мүшелерінде кездеседі. Сондықтан да кеуде қуысына флюографиялық тексеру жүргізу туберкулезді ерте анықтауға өте тиімді әдіс болып есептеледі. Бұған дейін облыс көлеміндегі бірқатар мекемелерде жүргізілген тексеру шаралары ендігі жерде барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарын қамтитын болады. Ал жұмыстар денсаулық сақтау басқармасының жіті бақылауында.
Абай Омар