08-04-17-gul-00_04_43_19-still012

Бәйдібек ауданының әкімі Б.Танагөзов сұхбат барысында нені айтпай кетті?

Бақытбек Танагөзов: Ол қызметкерлерге белгілі мерзім берілген. Деңгейін  дәлелдей алмаса, оларды біртіндеп ауыстыру шараларын қарастырамыз!  

Заңғар жазушы  Мұхтар Әуезовтің дуалы аузымен Шаянның аты кезінде  республикамызға  әйгілі болғандығын бәрі біледі. Сондай ақ, бұл өңір  өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді-жерді сыртқы жау  шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы қолбасшы, тарихи тұлға Байдібек  бабаның  есімін иеленген қасиетті аудан. Жер-ананың осы  қасиеттілігі болар, бұл топырақта  елім деп еміреніп, бүгінде Елбасымен үндесе халықтың әлеуетін көтеріп жүрген білікті басшылар туылған. Сондықтан, ел ішінде  бұл өңірді «кадрлардың станогы» деп атайды. Ендеше, қаламын қару еткен жазушылар мен ел үшін еңбек етіп жатқан  аптал ел азматтардың туған өлкесі  Шаян келбеті атына заты сай болып тұр ма?

Тарихында талай әкім тізгіндеген Бәйдібек ауданының  Бақытбек Танагөзов –он үшінші әкімі. 2016 жылдың  20 қазанында облыс әкімінің өкімімен тағайындалған басшыға бүгінде ауданнның тағдыры сеніп тапсырылғанына алты ай. Алты айда атқарылған жұмыстарды  ауыз толтырарлық деп айтуға ерте болғанымен,басшының аудандағы алғашқы қадамдарын байқап, бағытын айқындауға болатын уақыт негізі. Ендеше, әкімнің жарты жылдағы  жұмыстары жайлы өзінен сұрайтын боламыз.

1)  Бақытбек Төленұлы, сәлеметсіз! Облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы сізді ауданға әкеліп таныстырып, тағайындады. Тағайындаған  күні ақ, бірқатар ауданның түйіткілді мәселелерін  айтып, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Олар: ауданның әлеуметтік ахуалын көтеру, индустрияландыру картасы бойынша жан-жақты талдау жүргізіп, нақты жобалар ұсын деді. Сіз ұсындыңыз ба?  

—  Сәлеметсіздер, ауданымызға хош келіпсіздер!  Мен тағайындалғанда облыс басшысы  барлық аудан әкімдеріне тән  қоятын талап мен   міндеттерді қойды. Ол  ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын көтеру,  халықтың тұрмыс дәрежесін жақсарту. Кез- келген ауданның көрсеткіштері дамуы индикаторлық көрсеткіштерімен анықталады. Менің алдымда басты мақсаттардың бірі — жылды тиянақты, бұрынғы жасалып  кеткен жұмыстардың барлығын нәтижелі аяқтау  мәселесі тұр. Ал, енді осы мақсатта былтырғы жылы ауданымызда келелі істер атқарылды. Оны айта кету керек. 2015 жылы ауданда жалпы 19 млрд, 823 млн  теңгенің өнімі өндірілсе, 2016 жылы  23 млрд. 629 млн  теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы  ауданда енді  индустрияландыру  мәселесіне көңіл аударылып келеді. Өткен жылы жалпы межеленген жоба 4 млрд.  400 млн теңгеге инвестиция тарту мәселесі қойылған болатын болса,  бұл меже 4 млрд. 900 млн-ға дейін орындалып,  ауданның бұл жөніндегі көрсеткіштері толығымен  орындалды. Жалпы ауданның барлық деңгей жағдайы осы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері және индикаторлық көрсеткіштерімен белгіленеді. Аудан белгіленген барлық индикаторлық көрсеткіштерді толық орындап шықты. Ал, енді осы ауданның бюджетін қалыптастыру бұл да оңай шаруалардың бірі емес. Облыстық деңгейде өзіңнің дәрежеңді көрсетіп, сол көрсеткіштерді дәлелдепі жеңіп алу оңай емес. Бұл мақсатта аудан әкімінің орынбасарларының қомақты жұмыстарының нәтижесінде біз  12 млрд-тан жоғары теңгеге бюджетті қалыптасытырып отырмыз. Айта кету керек, осы мәселеде облыстық мәслихаттың депутаты Шәріпбек Жамалбек ағамыздың үлесі мол. Біздің осы бюджетіміздің қалыптастыруына ,елдімекендердің барлығын аралап, қанша мектеп керек, қанша жерге жол керек, қанша жерге газ тарту керек, қанша жерге су тарту керек осы мәселелерге тікелей араласып, облысқа осы мәселелерді дәлелдеп, былай айтқанда жан беріп күресіп, қомақты жәрдемін тигізді. Сондықтан,  бүгінгі  БАҚ өкілдеріне берген сұхбатымды пайдалана отырып, Шәріпбек Жамалбек ағамызға  Бәйдібектей  қасиетті ауданның, еліміздің патриоты болғаны үшін  шексіз алғысымды білдіремін.

2) Бәйдібек ауданы — аграрлы аймақ. Солай бола тұра, ауыл шаруашылығы саласының қарқыны баяулау. Мәселен,тамшылатып суғару, жылыжай салу  тапсырмалары  десе аудан әлі жіп есе алмай отыр..

—  Ауданда 124 мың гектар егістік жер бар. Ал, енді  былтырғы жылдың өзінде  жақсы  өнімдер алдық. Дегенмен, біздің біраз кемшіліктерімізді де айта кетуімізге тура келеді. Осы 124 мың гектар жердің 39 мың гектар жеріне егін егілмей қалған. Бұрын  кеңес үкіметі кезінде  жалпы әрбір егілмей қалған  гектар жер үшін үлкен күрес болатын. Қазір жекешелендіру, елдімекендердегі  егістік жерлердің  жеке адамдардың пайдалануына  байланысты бірқатар азаматтар егінін егіп,енді біреулері  егін екпей отыр. Ал енді осы жөніндегі жаңағы 39 мың аса жердің егілмеуі- ол біздің аудан үшін үлкен  бір олқылық болып есептелінеді. Біз қазір үлкен программалар белгіледік. Биылғы жылы  сол жерлердің барлығын түгелдеп, игерілмей қалған жерлердің барлығына толықтай егін егу жөнінде яғни  мақсары, бидай, арпа, жүгері ,мақта сонымен қатар  көкөніс өнімдерін егу жөнінде  үлкен жұмыстар жүргізілді. Ал,  мына жылыжай мәселесіне келетін болсақ, таяуда Сарыағаш ауданына барып, үлкен бір жылыжайды көріп қайттық. Бір кездері Сарыағаш ауданында да жылыжайлар саны аз болып, көрші  Өзбекстан мемлекетінен  үйренген  жағдайлары  болды.Біз де сол сияқтыа елдің қайта әлі қалыптастыру деңгейі байқалады. Біздегі адамдардың барлығы осы жылыжайдан мол табыс табатындығын,  одан мол өнім алатындығын әлі көз жеткізе алмай отыр. Сондықтан  үлкен бір психологиялық өзгерістер керек сияқты. Бүгінгі таңда біз  қайта-қайта Сарыағаш өңіріне барып, сондағы жылыжайларды  орналастырған адамдармен жеке -жеке кездесіп, өзіміздің кәсіпкерлерімізді, шаруақожалықтардың басшыларын апарып көрсетудеміз.Олардың істеген жұмысын, тапқан табысын  осы мәселелердің барлығын көрсетіп жатырмыз. Енді осында біртіндеп-біртіндеп,  жалпы елдің ой – өрісін өзгертеміз.Қорыта айтқанда, жылыжай мәселесіне енді мықтап  көңіл аударамыз.

3)  Бақытбек Төленұлы, облыс әкімінің тағы бір тапсырмасы-  ауданның потенциалын ескере отырып, халықты жұмыспен қамту болатын. Бұл тапсырманың аясында –ауданда кәсіпорындар ашу,шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету.Орындалу барысы қалай?

— Жалпы, кәсіпкерлік саласы деген үлкен мәселе. Елбасы Еуропа   мемлекеттерінде кәсіпкерлікті дамыту арқылы елдің экономикасын көтергендігін  айтып отыр. Жалпы біздің республикамыз бойынша осыдан   төрт-бес жыл бұрын  өндірілген  өніміміздің  20 пайызын  ғана  кәсіпкерлік саласы өндіретін. Кешегі статистика мәліметтерінен тыңдадым, жалпы біз де    бұл сала  25 пайызға дейінгі  көтерліпті. Бүгінгі күнде ауданда  осы салада үлкен  жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оны  айтуымыз керек. Облыс әкімі  «Шатқал» бағдарламасын  белгіледі. Осы бағдарлама аясында қараусыз жатқан ойлы- қырлы жерлерді  және елдімекендердің тұсындағы абаттандырылмай жатқан жерлердің барлығын көгалдандыру жөнінде мәселе қойылған болатын. Жансейіт Қансейітұлының  осы тапсырмасын орындау мақсатында тұт егу  деген мәселені қозғадық.  Өзбекстан Республикасынан біздің қазақ ұлтының азаматтарын шақыртып,  олар бүгінгі күнде 50 гектарга   дейін жерге тұт егу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жылдың соңында 200 гектарға дейін жетеді деген біздің межеміз бар. Қазір бізге келген азаматтар тұттың көшеттерін  тегін беріп жатыр. Енді осы тұтты егу арқылы бір гектар жерге  тұт егілгенде бір миллион теңгеге дейін адам жеке табыс табады. Ал, егер оған жібек құртының өзі пайдаланып өндіретін болса тағы бір миллион. Сонда бір гектар жерден 2 млн-ға дейін жеке адамдар табыс таба алады. Одан кеін тұттың өнімі бір жылдың ішінде төрт  рет өнім береді екен. Яғни, оның төрт рет жапырағын жинап алады. Сойтіп оны жібек құртқа берсе ол жібек шыарып береді. Сол жібекті ары қарай жіпке айналдырып , одан үлкен жұмыстар жүргізуге болады. Ал енді бізге  келген инвесторларымыз тұттың көшетін де өздері беріп жатыр, екіншіден тұттан алған жапырақты да өздері жинап алмақшы, үшіншіден азаматтарға жібек құрты керек болатын болса оларды алып келіп беріп, оларға да тәрбиелеу жөнінде мәселелрді қозғап жатыр. Осы  мәселемен  біз жылдың соңына дейін 600 адамды,  келесі жылы  көктемге дейін 400 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігіміз бар. Жаңағы жапырақтарды жинағанда , әр килограмм жапырақты 20 теңгеден қабылдайтын болады. Ол өзі жекелей қабылдап алады. Сонда біз 600 жуық адамды жұмыспен қамтысақ, ол енді үлкен көрсеткіш болып есептелінеді. Жалпы Шаянның орталығынан өтіп бара жатқанда бір сұранып тұрған нәрселер болады. Мен өзім Шаянның орталығынан ерте кездерде, Созақ ауданында қызмет атқардым. Сонда  Шаянның орталығынан өтіп бара жатқанда  осы екі маңайға неге тал екпейді деп ойлайтынмын. Неге осы желді тоқтатпайды деген ойлар көкейімде  жүретін. Ауданға басшы болып келе сала, бірніші қолға алған жұмысым, Шаяннан шығып Қызылкөпірден  Шалдарға жеткенге дейін екі жолың маңайы тал болып тұрса қандай  гүлденіп кеткен жер болар еді деген ұғымда жүрдім. Бірақ мен кездескен мамандарымның барлығы бұл жерде су шығаруға болмайтындығын, ол жерге тал егуден ешқандай нәтиже болмайтындығын дәлелдеген болатын. Алайда, мен арнайы мамандар тауып, ақылдасып , жаңағы нәтиже бермейді  дегеннің шешемін тапқан сияқтымын. Яғни генератормен күннің көзі электр энергиясымен  Шаяннан су шығарып, екі жағына тұт егіледі. оң жағына 5 гектар жеріне  тұт егілсе, жыл соңына дейін сол жағына да тұт егуді аяқтаймыз.

4)  Өткен жыл аудан тарихында елеулі жыл болды. Шаянға көгілдір отын тартылып, халық  табиғи  газдың шарапатын көре бастады. Өткен жылды қорытындылап, халық алдындағы есеп берген жиында үстіміздегі жылы Ақбастау, Тасқұдық, Екпінді, Сарқырама секілді ауылдарда көгілдір отынға қол жеткізеді деген болатынсыз.

—  -Былтырғы жылы газ тарту мәселесі- біздің ауданымыздағы үлкен бастаманың бірі болды. Яғни  ауданның орталығы Шаянға  газ тартылды. Халық  газдың келуімен берекенің келуін қоса есептеді. Көгілдір отын -барлық бастаманың, жақсылықтың бастамасы екенін жақсы білеміз. Сондықтан аудан орталығы газдандырылып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы күнделікті жүргізілуде. Биылғы жылы елдімекендерге  газдандыру мәселесіне қомақты қаржы бөлінді. Газ жүйесі  екі бағытта тартылатын болады. Биыл  сегіз елдімекенге  газдандыру жөнінде жобалық-сметалық құжаттары жасалынып, жұмыстарды да бастап кеттік. Ақбастау, Екпінді, Шалдар, Сарқырама, Бекбау, Шыбыт, Тасқұдық, Жамбыл елдімекендеріне биыл газ тартылады.

5)  Елбасының негізгі тапсырмасы- халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Яғни ол дегеніміз көгілдір отын, халықты таза ауыз сумен қамту. Осы ретте, сіз басқаратын ауданда  52  елдімекен бар. Оның тек бүгінгі таңда  31 елдімекені  ғана орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Өкінішке орай, 21 елдімекен әлі құдықтан су ішіп отыр. Бақытбек Төленұлы, айтыңызшы  Бәйдібек ауданында  Президенттің тапсырмасы қашан толық іске асады? халық қашан таза ауыз су ішеді?

— ия, ауданымызда  52  елдімекен бар. Осы 52 елдімекеннің 31-і  ғана таза сумен қамтамасыз етілген. Бұл аудан халқының  79 пайызын құрайды.Ал  21 елдімекеннің 3 елдімекені су тартуға қолайлы емес. Айта кетейік, халық саны өте аз, су жүйесін тартқанымен, өзін-өзі өтейтіндей жағдайда емес. Бұдан өзге, 18 елдімекенге су тарту жөнінде мәселелері бар. 2017-2018 жылдары бірқатар елдімекенді су жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар. Ал халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, өмір жасын ұзарту үшін де таза ауа мен таза су қажет. Таза ауа құдайдың бізге берген таза табиғаты арқылы бар. Енді таза сумен қамтамасыз ету барысында мемлекеттік деңгейдегі үлкен бағдарламаларды жүргіземіз.

6) Байдібек ауданының  табиғаты тым қатал.Қысы қыраулы, қары қалың келеді. Арыстанды- Қарабас атты желі бар тағы..Тап осы жел  дегеннен шығады ғой. Желдің өтінде отырса да,  ауданда  электр энергиясының тапшылығы сезіледі?  

—   Бұл республика бойынша елдімекендердегі үлкен мәселе.  Біз аудандағы ауылдарға жиынға барғанымызда, жарық өшіп қалатын кездер кездеседі. Сонымен қатар, елдімекендерде теледидар, компьютер мезгілсіз істен шығатыны жөнінде тұрғындар тарапынан түрлі шағымдар  айтылады. Бұл мәселе энергетика саласына үлкен қаражат бөліну керектігін меңзейді. Осы мәселені республикалық масштабта ойланып, елдімекендердің электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аудару керек. Аудандық бюджеттен көбінесе жүргізіле бермейді, қаржы да бөлінбейді  бұл салаға. Дегенмен, облыстық деңгейде қайта-қайта сұраныс жазып, ауыл ағайынының  сұранысын жеткізіп отырмыз. Сондықтан бұл  проблемаға  болашақта қомақты қаржы бөлінсе, елдің тұрмыс деңгейі  бұдан да жақсы болар еді.

7)  Байдібектей тархи тұлғаның есімін иеленген  ауданда Домалақ ана, Ақ мешіт сынды қасиетті орындар жетерлік. Яғни аудан  діни туризмді дамтыуға таптырмас мекен.Табиғаты тұнық өңірдің туризмін түлету тапсырмасын кезінде ОҚО  басқарған Асқар Мырзахметовтен бастап, қазіргі басшы Түймебаевта  айтып келеді. Солай бола тұра, туризм  тұралап тұр ауданда..

— Қазір өздеріңіз барып көрсеңіздер болады. Домалақ ананың жанындағы жайылым жердің бірінші қатарына раушан гүлдерін ектік. Сонымен қатар, арша, шырша және оң мен сол жағындағы 10 гектар жерге тұт ағаштары егіледі. Жалпы 60 мың гектар жерді көгалдандыру  мақсатында «Шатқал»  бағдарламасы  сияқты бағдарлама әзірледік. Бүгінде тарихи ороындардың жан-жағы қоршалды. Су шықпайтын далалы жерлерге  Қытай елінен арнайы станок алдырып жатырмыз. Аталмыш станок күн көзі арқылы батареямен жұмыс істеп, жоғарыдан  20-30 метрге су шығарады. Осы  сумен тамшылатып суару  жұмыстарын  қолға алдық. Осы жерлердің барлығын көгалдандырып, абаттандырып, халық қызығатындай жерге айналдырсақ деген мәселе қозғалып, шешімі табылды. Егіндер де егіліп жатыр. Сондай-ақ, жол бойындағы әжетханаларды жөндеу, әсіресе, демалыс орындардағы әжетханаларды жөндеу, инфрақұрылымдарды дайындау, қонақ үйлерді салу және абаттандыру, ел келетін жағдай жасау тапсырмасы берілген болатын. Біздің жасап жатқан осы жұмыстарымыз облыс әкімінің  тапсырмасынан бастау алған.  Қазір Домалақ ананың  жанындағы жерлерін жақсартып, жобаға келтірдік. Енді Бәйдібек атаның басында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

8) Алдағы жоспарларыңызды айтып өтсеңіз?  

— Бүгінде ауданның өзіндік кірістері жөнінде проблемалық мәселелеріміз бар. Жалпы ауданның өндірген өнімінің 7 пайызы ғана –ауданның өзіндік кірістері анықтайды. Бұл мәселені көтеріп, ауданда өндірілетін өнімнің көлемін көбейту, сапасын арттыру, қайта өңдеу жағдайларын, өндіріс орындарын ашу, индустриялық аймақты дамыту және өнеркәсіптің көптеген мәселелерін ауданда ашу жөнінде мәселелерді  шешу.  Сонда ғана біз өз өнімізді ұлғайтып, қазба байлықтарымызды терең зерттеп, қоғамға беретін өнімнің сапасы мен көлемін жақсарта аламыз. Шетелге  шығатын өнімізді де молайтатын жағдайларды қарастыруымыз қажет. Бұл жөнінде ойланып, жоспарлап  жатырмыз. Болашақта осы жөнінде жұмыстар жүргіземіз.

9 )  Бақытбек Төленұлы, атыңызға айтылатын  сынды қалай қабылдайсыз?

—  Сын қабылдау- адамға ауыр тиетіні рас. Дегенмен, әділ болса, шын болса оны қабылдаған дұрыс. Себебі:  деңгейіңді көтеруге, адалдығыңа, өзіңнің жұмысыңа тиісті дәрежеде көңіл аударуға қажет нәрсенің бірі. Сондықтан, сын арқылы біз шыңдала түсеміз. Мен әділетті сынды дұрыс қабылдаймын, ал әділетсіз сынды дәлелдеймін, ол үшін күресемін.

-10) Сізге дейін ауданды басқарған Батырбек Көшербайдың екі жарым жылдағы табанды еңбегін Байдібектіктер әлі жыр-дастан қылып айтып жүр. Тіпті, Көшербай мырза  қызмет ауыстырып кеткелі Шаянда жұмыс тоқтап қалғандай күй кештік дегендерді де естіп жатырмыз. Сөз жоқ, ол сізге жоғары көрсеткіш қойып кетті. Осыған келісесіз бе?

— Ол кісі облыстық тұрғын үй жөнінде саланың мықты маманы. Бұл елде абаттандыру жұмысына үлкен назар аударғаны рас. Бізде сол саладағы жұмыстарды ары қарай жалғастыратын боламыз. Былтырғы жылы 24 нысанның берілуіне батырбек Көшербай  тікелей көңіл аударған. Өз жұмысын   жоғары деңгейде атқарған ол  азаматтың жетістігі мол деп есептеймін. Енді бізде өзіміздің  жұмысымызды ол кісіден кем істемеуге бар күшімізді жұмылдырамыз..

11) Президенттің білікті аппарат құру тапсырмасы бар. Ауданға жаңадан әкім болып келдіңіз, команда ауыстырдыныз ба?

-Бүгінгі күнге дейін бірқатар бөлімдердің басшысы ауысты. Апыр-топыр болып, я сырттан азамат алып келіп, жұрттың жасаған жұмысын жоққа шығарып жатқан жоқпын. Әр мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап қатал екені рас. Осы мақсаттағы жұмыстарда мен өзімнің деңгейімде қаталдығым бар. Бірақ бүгін күні келе салып, апыр-топыр жасап, «сен ұнайсың немесе маған ұнамайсың» деп шұғыл шешім қабылдау дұрыс емес. Сондықтан, ол қызметкерлерге белгілі мерзім берілген. Сол уақыттың деңгейінде өздерін көрсете алса, қызметтерін жалғастыралы. Ал, деңгейін дәлелдей алмаса, оларды біртіндеп ауыстыру шараларын қарастырамыз.

Ауданда атқарылған істен,тындырылуға тиіс тірлік көп. Оны өзіңізде айтып өттіңіз. Сұхбатымыздың басында айтып өткенімдей, алты айда әкім жұмысына  баға беру,  әлі ерте. Уақытысында халық өзі бағасын бере жатар. Қызметіңізге сәттілік тілеймін!

Рахмет!  Еліміз аман болсын!




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!