Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №458 «Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес Перизат Сафарбаева Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы қызметіне, Дина Тойжанова Сайрам аудандық сотының судьясы қызметіне, Серік Ниязбек Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ОҚО сотының судьясы.
2017 жылғы 14 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Зиядинхан Пірнияз жаңадан тағайындалған судьяларды ұжымдарымен таныстырып, оларды жауапты қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.