«ҚазТрансГаз» АҚ мен «Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited» компаниялары «Бейнеу-Бозой-Шымкент» (ББШ) магистральдық газ құбырының (МГҚ) «Бозой» компрессорлық станциясында (КС) газ айдау агрегатын пайдалануға енгіздіАО «КазТрансГаз» (КТГ), деп хабарлады ұлттық компания баспасөз қызметінен.
Хабарда түсіндірілгендей, «Бозой» компрессорлық станциясы ең озық технологиямен жабдықталған кешен және оның түрлі қысымдағы екі газ құбырынан газ қабылдай алатын бірегей мүмкіндігі бар. Газ «Бұқара-Орал» және «Орта Азия-Орталық» МГҚ алынатын болады. Компрессорлық станция арнайы тапсырыс бойынша жасалған және әлемдік практикада бұрын қолданылмаған инновациялық «back-to-back» газ айдау агрегаттарымен жабдықталған
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, КС салу туралы шешімнің қаншалықты өзекті және уақытылы қолға алынған жоба екендігін шешімін тапқан мына мәселелерден-ақ аңғаруға болады, яғни салынып жатқан «Қараөзек» КС іске қосылған соң газ гасымалдауды жылына 10 млрд. текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының тиімділігі артты және еліміздің батыс өңірлерінен оңтүстік облыстарына үздіксіз газ беру қамтамасыз етілді».
Өз кезегінде, CNPC корпорациясының бас директоры Чжан Цзяньхуа Қазақстан мен Қытайдың әріптестігінің маңызы үлкен екенін атап өтті. «Бозой» КС іске қосылуы ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз және CNPC компанияларының бірлескен жұмысындағы үлкен кезең.
«ББШ» МГҚ тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ірі құбыржолы жобасы болып табылады. Оның құрылысын салу үдемелі индустриялық-иновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгізіліп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, қазақстандық газ экспортын әртараптандыруға бағытталған.
Жаңа «Бозой» КС Ақтөбе облысында «ББШ» магистральдық газ құбырының 311 шақырымында салынған. 2011 жылғы қаңтар айында қазақстандық «ҚазТрансГаз» АҚ және қытайлық «Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited» компанияларымен тең үлестік негізде «Бейнеу-Шымкент газ құбары» ЖШС құрып, жобаны іске асырудың іргетасы қаланған болатын. Газ құбырын салу 2012 жылғы тамыз айында басталды. Жалпы ұзындығы 1166 км болатын «Бозой – Шымкент» учаскесін салу 2013 жылғы қыркүйек айында аяқталды. Ұзындығы 311 км болатын «Бозой – Шымкент» учаскесін пайдалануға енгізу 2015 жылғы қараша айында аяқталды.
Газ құбырын пайдалануға енгізу, Қазақстан Республикасының барлық магистральдық газ құбырларын: «Союз», «Орта Азия – Орталық», «Бұхара – Орал», «Бұхара газды ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы», «Газли – Шымкент», «Қазақстан – Қытай» газ құбырын бірыңғай газ тасымалы жүйесіне біріктіруге мүмкіндік берді.
ҚазТАГ
Фото: news.lewatmana.com