Сенбі күні Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков үш мәрте егіз нәрестелерді дүниеге әкелген көп балалы ананы арнайы қабылдап алтын алқа табыс етті. Ауданның демографиясына үлес қосып бүгінде 8 бірдей ұл-қыз тәрбиелеп отырған Ұлбосын Жасымбековаға аудан басшысы өз алғысын білдіріп, батыр анаға естелік сыйлық тапсырды. Сонымен бірге, аудандық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай бұл күні салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылса, мұнда аудан әкімі ұйымға су жаңа автокөлік тарту етті.
Абай Омар