Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты.
Хабарда айтылғандай, Елордада байқаудың ұйымдастыру комитеті «Мерейлі отбасы-2017» ұлттық конкурсына өтінім қабылдаудың басталғанын жариялады.
Байқау 3 кезеңмен өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) әкімдіктерге 2017 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы Елбасының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын өткізіледі және адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға, отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін дәріптеуге, отбасының мәртебесін көтеруге бағытталған.
Байқау қатысушылары толық ақпаратты www.kaztube.kz сайтынан ала алады.
ҚазТАГ.
Фото: oraltv.kz