Оңтүстікте «Атамекен–Ордабасы» индустириалды паркі өз жұмысын бастады. Осыған орай, ОҚО Кәсіпкерлік палатасы аталған индустиралды аймақпен бірлесе жұмыс жасау үшін екі жақты меморандум түзілді. Шымкенттегі ескі шина жасау зауытынан бос қалған ғимараты бүгінде Индустиралды парктің базасы ретінде таңдап алынған. Жалпы аумағы 700 мың гектар жерді алып жатқан нысан жеке кәсібін ашамын деушілер үшін таптырмас орын. Өйткені, жаңа тауар түрін шығарушылар үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Коммуналдық мәселелер де өз шешімін тапқан.
Ұлдархан Уәлиханқызы