Сейсенбі күні «Қазақстан — 2050» Жалпыұлттық Коалициясының отырысы болып өтті. «Нұр Отан» Партиясының облыстық филиалында өткізілген жиын мақсаты – күні кеше Елбасы қол қойған ҚР Конституциясына енген өзгерістер мен толықтыруларды елге таныстыру. Келелі жиында өңіріміздің бірқатар зиялы қауым өкілдері мен саяси партия жетекшілері сөз алып, елдегі бұл саяси оқиғаны жаңаруға бет алған жаңа Қазақстанның тағы бір жарқын ісі деп біледі.
Ұлдархан Уәлиханқызы