2017 жылдың 4 наурызы күні 16 сағат 45 минут шамасында Сайрам АІІБ-нің кезекші бөліміне, аудандық ауруханадан жансақтау бөліміне көшеден табылған жаңа туылған нәрестенің түскені туралы хабар берген.
Оқиға орнына жеткен полицейлердің анықтағаны, 1965 жылғы жергілікті азаматша Ақбұлақ ауылындағы көше қиылысында жылап жатқан жаңа туылған нәресте салынған жол сөмкесін тауып, жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер нәрестені аудандық ауруханаға жеткізген. Бүгінде нәрестенің денсаулығы қанағаттанарлық күйде.
Аталған жайт Сайрам АІІБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 119-бабымен «Қауіпті жағдайда қалдыру» қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда полицейлер күдіктіні анықтау және оны қолға түсіру бағытындағы шараларды қолға алды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
ОҚО ІІД Баспасөз қызметі