Бұл туралы ұлттық арнаға жуырда басшы болып келген Ерлан Карин өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Ал, бүгін «Келіннің» соңғы көрсетілімі:) Тек «Келін» ғана емес, жалпы үнді сериалының. Әзірше, солай шештік»-деп жазады. Яғни, бұдан былай арна эфирінен ешқандай үнді сериалдары көрсетілмейтін болады. Мұндай жаңалықты Қазақстан азаматтары жылы қабыл алып, басшының бұл қадамын ерлікке балап, ұлттың болашағына жасалған оң шешім екендіктерін жеткізіп жатты.
Еске сала кетсек, «Келін» телехикаясы Ұлттық арна эфирінде бес жылға жуық уақыт көрсетіліп келді.