Елбасымыз «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдiң жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн экономикалық өсiмнiң жаңа моделiн құруды тапсырды.
Бұл ретте, әкiмдiктерге өңiрлiк және жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу арқылы экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету жөнiндегi ауқымды мiндеттер жүктелген.
Өз кезегiнде осы мiндеттердiң оң шешiлуi әкiмдiктiң барлық құрылымдары жұмысының тиiмдi ұйымдастырылуы мен үйлестiрiлуiне тiкелей байланысты болады.
Қойылып отырған тың мiндеттердi ескере отырып, Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Өкiмiмен орынбасарлар арасындағы мiндеттер төмендегiше бөлiнiп отыр.
Дархан Амангелдiұлы Сатыбалдыға:
1) экономика және бюджеттiк жоспарлау;
2) салық және қаржылық саясат;
3) мемлекеттiк сатып алу;
4) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы;
5) көлiк және автомобиль жолдары салаларындағы мәселелерге және тиiстi басқармалар мен құрылымдардың қызметiне жетекшiлiк жасау жүктеледi.
Бауыржан Салдарұлы Жамаловқа:
1) кәсiпкерлiк, индустриалды-инновациялық даму;
2) ауыл шаруашылығы;
3) табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу;
4) денсаулық сақтау салаларындағы мәселелерге және тиiстi басқармалар мен құрылымдардың қызметiне жетекшiлiк жасау жүктеледi.
Ербол Әбiлқайырұлы Садырға:
1) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау;
2) еңбек инспекциясы;
3) жер қатынастары;
4) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылау салаларындағы мәселелерге және тиiстi басқармалар мен құрылымдардың қызметiне жетекшiлiк жасау жүктеледi.
Ұласбек Сәдiбекұлы Сәдiбековке:
1) бiлiм және ғылым;
2) мәдениет;
3) мұрағат;
4) тiл саясаты;
5) гендерлiк саясат;
6) iшкi саясат;
7) жастар саясаты;
8) дiн;
9) этносаралық келiсiм;
10) дене шынықтыру және спорт салаларындағы мәселелерге және тиiстi басқармалар мен құрылымдардың қызметiне жетекшiлiк жасау жүктеледi.
Жақып Құттыбекұлы Бөкенбаевқа:
1) мемлекеттiк тұрғын үй саясаты;
2) бюджеттiк қаражат есебiнен жүзеге асырылатын құрылыс;
3) аумақтарда құрылыс салу, бас жоспарды iске асыру және инфрақұрылым нысандарын дамыту;
4) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
5) тарифтiк саясат;
6) байланыс және телекоммуникациялар;
7) жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар, шекара және шекара маңы салаларындағы мәселелерге және тиiстi басқармалар мен құрылымдардың қызметiне жетекшiлiк жасау жүктеледi.
Ақпарат көзі: okg.kz