2016-жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимыл агентігінің облыстық департаментімен әдеп жөнінде 91-мәселе қаралған. Оның 76-сы тәртіптік іс болса, қалғаны мемлекеттік мекеме жанындағы тәртіп комиссияларының жұмысы мен аудан, қала әкімдерінің есептеріне байланысты. Қаралу нәтижелері бойынша 76-тәртіптік істің 49 нақты шаралар қолданылған. Мемлекеттік қызметкерлер теріс қылықтары үшін жазаларын алса, әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 2-қызметкер лауазымынан босатылыпты. Айта кетейік, 1-қаңтарға дейін әдеп кеңесінің ережесі басқа актілермен реттелген болатын. Яғни тәртіптік кеңес атауы өзгертіліп, Елбасы Жолдауында көрсетілгендей енді орын алған заңбұзушылықтарға емес, оның алдын алу-шараларына басымдылық беріліп отыр. Департамент қызметкерлерінің айтуынша, заңбұзушылықтар негізінен мемлекеттік сатып алу төңірегінде көптеп кездеседі. Сондай-ақ, халқы тығыз орналасқан Оңтүстікте жер дауының да мәселесі аз емес. Бұған дейін Түркістан қаласы мен Мақтарал ауданында теріс әрекеттер тіркелген. Яғни аталған аймақтардың жер қатынастары бөлімі ешбір қаулысыз жер телімдерін таратып беріпті. Алдағы уақытта осындай заңға қайшы қылықтарды болдырмас үшін , мекеме құзырлы органдармен бірлесе отырып профилактикалық жұмыстарды нығайта түскен.
Жомарт Бегімбетов