Шымкент қаласында 2014-2016 жылдары 89 шағын мал бордақылау алаңдары 72 шағын отбасылық сүт фермалары мен 5 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Нәтижесінде, 882 жұмыс орындары ашылып, қосымша 5,6 мың тонна ет, 17,8 мың тонна сүт өндірілген. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғани Құрманбай мәлім етті. Айтуынша, 2020 жылға дейін мал шаруашылығын дамыту мақсатында 188 шағын мал бордақылау алаңдары, 140 шағын сүт және де 4 шағын құс фермаларын ашу жоспарлануда. Айта кетейік, өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 22 млрд 215 млн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылмен салстырғанда 5 млр 972 млрд теңгеге артып отыр.
Аяжан Дәулетбай