Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде тіркелген облыстық мәслихат шешімдеріне жүргізілген сараптаудың қорытындысы
1) облыстық бюджет ішіндегі транферттік түсімдер туралы;
Оқырмандарға түсінікті болу үшін трансферт деген сөзге түсініктеме бере кетейік. Жалпы трансфер деген сөз француз тілінен аударылғанда табыстау деген мағынаны білдірсе, латын тілінен аударғанда аудару, көшіру деген мағынаны білдіреді.
Трансферттердің мақсатына қарай бірқатар бағыттары болады. Соның ішінде бюджет аясында бюджет жүйесінің бір деңгейдегі бюджетінен қаражатты екінші деңгейдегі бюджетіне аударудың, бюджеттік реттеу тәртібімен салықтан аударудың кез-келген нысаны. Трансферт көмегімен жергілікті бюджеттер, халықты әлеуметтік қорғау органдары халыққа міндетті төлемдерді: мемлекеттік заңнамамен белгіленген зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы, өтемақы, тағы басқа әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру үшін қаражат алады. Яғни, трансферттік төлемдер – мемлекеттік бюджеттен халыққа және жеке кәсіпкерлерге төленетін, олардың мемлекеттік қызметті орындауымен байланысты емес, бірақ қаражатты оған неғұрлым мұқтаж азаматтардың пайдасына бюджет арқылы қайта бөлу тәртібімен жүзеге асырылатын ақшалай төлемақылар.
Облыстық бюджеттерді сараптау барысында республика бюджеті тарапынан ең көп дотация Оңтүстік Қазақстан облысына беріледі екен. Оның көлемі 450 643 011 мың теңгені құрайды. Ал 2016 жылы облысқа 442 659 656 мың теңге дотация берілген болатын.
Сонымен қатар, дотацияны ең көп алатын облыстардың қатарына Алматы облысы (264 165 266 мың теңге), Шығыс Қазақстан облысы (204 854 021 мың теңге), Жамбыл облысы (179 767 607 мың теңге), Қызылорда облысы — 158 821 085 мың теңге), Астана қаласы (153 869 244 мың т.), Қостанай облысы (151 508 792 мың теңге), Қарағанды облысы (142 573 504 мың теңге), Ақмола облысы (148 888 741 мың теңге) кіреді. Дотацияны орташа алатындар: Солтүстік Қазақстан (120 307 230 мың тг.), Атырау облысы (109 061 339 мың тг.), Павлодар облысы (102 555 599 мың тг.), Ал дотацияны ең төмен алатын облыс, қалалар: Алматы қаласы (84 413 696 мың т.), Батыс Қазақстан облысы (76 968 882 мың т.), Алматы қаласы (84 413 696 мың т.), Маңғыстау облысы (26 718 751 мың т.)
Облыс бюджетінің салық түсімдері туралы
Облыстық мәслихат шешіміне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының салық түсімдері – 31 364 477 мың теңгені (2016 жылы – 14 326 592 мың тг.) құрайды. Ал, облыстық бюджеттің көлемі 482 269 184 мың теңгеде бекітілген. Облыстың салық түсімдері төмен болғандықтан, республикалық қазынадан дотация (450 643 011 мың т.) алуға мәжбүр. Яғни, облыстың салық түсімдері алатын дотацияның көлемінен өте төмен. Бұл мәселені Елбасы облыс Ж.Түймебаевты қабылдау кезінде атап өткен болатын.
Облыс бюджетіне ең көп салық түсімдерін қамтамасыз ететін облыстар: Алматы қаласының бюджетіне 352 455 986 мың теңге көлемінде салық түседі, Астана қаласына – 208 277 933 мың т., Маңғыстау облысы 69 629 140 теңге. Осы үш өңірдің салық түсімдері алатын трансферттердің көлемінен өте жоғары. Сондықтан, осы республикалық өңірлердің ішіндегі Алматы және Астана қаласы, Маңғыстау облысының экономикасы өте тиімді болып саналады. Ал, қалған өңірлердің салық түсімдері алатын трансферттердің көлемі өте төмен. Атап айтқанда: Атырау облысының салық түсімі 60 389 847 мың теңгені құраса, Қарағанды облысы 46 119 492 мың тг., Алматы облысы 40 620 166 мың тг. Шығыс Қазақстан облысы – 33 393 904 мың тг., Батыс Қазақстан облысы 29 168 753 мың тг, Павлодар облысы – 28 103 878 мың тг., Жамбыл облысы 18 538 217 мың тг., Ақмола облысы – 18 329 487 мың тг., Солтүстік Қазақстан – 14 756 433 мың тг., Қызылорда облысы – 158 821 085 мың тг.,
Облыстық бюджетке салықтық емес түсімдер туралы
Облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне түсетін салықтық емес (мүлікті жалға беру т.б.) түсімдердің көлемі – 257 696 мың тг. құрайды. Ал, салықтық емес түсімдердің ең көбі Маңғыстау облысының еншісінде, яғни, салықтық емес түсімдері 3 079 768 мың теңге. Ал, қалған өңірлерде – Астана қаласында – 1 897 629 мың тг., Қарағанды облысы – 1 689 003 мың тг., Жамбыл облысы — 1 325 065 мың тг., Ақмола облысы – 1 251 494 мың тг., Алматы қаласы – 1 205 750 мың тг., Павлодар облысы 1 194 936 мың тг., Шығыс Қазақстан облысы – 928 622 мың тг. Атырау облысы – 393 044 мың тг., Батыс Қазақстан облысы – 221 159 мың тг., Қызылорда облысы – 212 211 мың тг., Қостанай обылысы – 164 063 мың тг., Солтүстік Қазақстан облысы 62 140 мың тг., Алматы облысы – 42 058 мың теңгені құрайды.
Облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
Оңтүстік Қазақстан облысы негізгі капитал сатудан (жер учаскесіне сату, т.б.) түсетін түсімдер көлемі 4 000 мың теңгені құрап отыр. Ал, Алматы қаласының бюджетіне негізгі капиталдан түсетін түсім – 4 864 144 мың теңге, Астана қаласы – 2 380 000 мың теңге, Қостанай облысы 16 032 мың теңге, Алматы облысы – 10 000 мың теңге, Қызылорда облысы – 8 300 мың тг., Жамбыл облысы – 8 000 мың т., Қарағанды облысы 5 399 мың теңге. Ал, қалған өңірлер Оңтүстік Қазақстан облысынан төмен көрсеткішке ие.
Дереккөз: Айғақ ақпарат