Қазақстан Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы маусымда болады, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Владимир Фоос.
«Заң бойынша, 30 сәуірден кешікпей тағайындалатын сенат депутаттарының сайлауы жазда, 30 маусымнан кешіктірілмей өткізілуі тиісті», — деді В. Фоос жұма күні ОСК отырысының ашылуында.
Оның айтуынша, ол сайлауларда негізгі ауыртпалық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жүктеледі.
Еске салсақ, ҚР Конституциясына сай, сенатқа ҚР конституциялық заңымен бкітілген тәртіпте әр облыстан және республикалық қала мен ҚР елордасынан екі адамнан сайланады, ал 15 сенаторды президент тағайындайды.
В. Фоос 2017 жылы сайлау науқанына толы болатынын қадап айтты. Наурыз соңында және қазанда шығып қалғандарының орнына мәслихат депутаттарын сайлау болады.
«Ал тамыз айының басында аудандық мәндегі қалалар мен кенттердің ауыл округтарының, республикадағы ауылдардың төрт жылдық мерзімі аяқталып келе жатқан әкімдерін сайлау басталады. Ондай округтердің саны 1451», — деді ОСК бастық орынбасары.
Соңында ол, барлық сайлау науқаны бойынша «алдын ала дайындық жүргізілуі керек» деді.
Фото: inform.kz
Ақпарат көзі: ҚазТАГ.