Теңге бағамының рубльге шаққандағы өзгерісі Қазақстандағы бензин бағасының қымбаттауының негізгі себебі болды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшілері ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сөзіне сілтеме жасай отырып.
«Бір себеп (ЖЖМ бағасының қымбаттауының – ҚазТАГ) – екі апта бұрын болған теңге бағамының рубльге шаққандағы өзгерісі. Импорттық бензин сатып алынғанда ресейлік бензин бағасы өсіп кетті», — деді Қ. Бозымбаев сейсенбі күні үкімет дәліздеріндегі сұхбатта.
Бұл ретте ол былтыр «теңге бағамы рубльге қарағанда 20%-ға әлсіреді» деді.
«Сәйкесінше, рубльмен шаққандағы баға онша көп көтерілген жоқ, ал теңгемен есептегенде, тұтынушылар үшін қымбаттады. Біздің МӨЗ-дердің барлығы жұмыс жасауда, бәрі дұрыс. Қажет көлемдегі бензин өндірілуде, бензин тапшылығы болмайды», — деді министр.
Еске салсақ, жақында Қазақстан ЖҚС-тарында АИ-92 маркалы бензин бағасы Т2-3-ке қымбаттады.
Фото: time.kz/up