«Нұр Отан» Партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков қаламыздағы №7-ші Қарсыбай Спатаев атындағы мектеп-лицейдің оқушыларымен кездесті. Іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты стратегиялық құжатты насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ, білім ұясында өткен жиында Зауытбек Қауысбекұлы мемлекет басшысының Жолдаудағы басты бағыттарына кеңінен тоқталды. Белгіленген тапсырмалардың орындалуында әрбір қазақстандықтың өз міндеті бар. Мәселен, үштілділік пен ғылымды дамытуда мектеп мұғалімдері мен білім алушылардың атқарар жұмысы айтарлықтай зор болмақ.
Аяжан Дәулетбай