Мониторинг нәтижелері бойынша, Ресей Федерациясының» «Сүт плюс» ЖШБ тұздалмаған «Шаруа» майы, Беларусь Республикасының » Лепельский МКК» ААҚ тұздалмаған тәтті «Шаруа» сары майы мен «Слуцкий сыродельный комбинаты» ААҚ тәтті тұздалмаған «Шаруа» сары майы,Қырғыз Республикасының «Урсус» ЖАҚ сары май өнімдерінің өз атаулары мен май – қышқылды құрамының сәйкес еместіктері анықталды, деп хабарлайды ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.
Осылайша, өндірушілер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі техникалық регламенттер талаптарын бірқатар бұзғандығы және тұтынушыларды өнім құрамындағы өсімдік майларының бар екендігін көрсетпей жаңылыстырған. Комитет, жалған сүт шығаратын өндірушілерге, өнімдерді дұрыс сәйкестендіру мен алдау іс-тәжірибесіне жол бермеу бойынша тиісті шаралар мен ескертулер жіберді.