Бүгін аудан орталығы Шолаққорған ауылында 60 орындық «Ай-сәулет» балабақшасы ашылды.
Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Исаев қатысты. Аймақ басшысы жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтап, ғимарат іші балалардың әдемі күлкісіне толсын деген тілегін білдірді.
Жеке кәсіпкер Р. Сариеваның ашып отырған балабақашада жатын бөлме, ойын залы, медицина кабинеті сынды қажетті бөлмелермен қамтылған. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Балаларға білім беруге және тәрбиелеуге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда медик, психолог, ағылшын тілі пәні мұғалімі, тәрбишесі сынды жалпы 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Айта кету керек жыл басынан бері Созақ ауданында 12 балабақша ашылды. Онда 935 бала бөбекжаймен қамтылса, жалпы 178 жаңа жұмыс орыны пайда болып, аудан азаматтары жұмыспен қамтылған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.