Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Қала тұрғындары енді жаңа жылды қарсы алуға қамданып-ақ кетті. Әл-Фараби алаңында өткен іс-шараға 400-ге жуық өнерпаз қатысып, арнайы шеру ұйымдастырды. 200-ге тарта Аяз ата мен қарша қыз ертегі кейіпкерлерінен көрініс қойды.
Қала әкімдігі тарапынан Жаңа жылдық көріктендіру жұмыстары кезінде шаһардың 3 нүктесінде Жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Олар жеке-жеке Әл-Фараби алаңында, Шәмші аллеясы мен облыстық әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан.