Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, кеше Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Шұбарсулық Г.Юсупова, Қ.Майлыбаев жұмысқа орналасу жөнінде өтініш айтып, аудан басшысынан көмек сұрады. Ал, бөржарлық К.Ақпанбетқызы, Б.Исақұлы жер мәселесі бойынша түйткілдерді шешуге ықпал етуін өтінді. Шұбар ауыл округінен А.Қарымбаев оқушыларды мектепке тасымалдайтын автобусқа көңілі толмайтынын, сондай-ақ, «Ақмешіт» мешітін жөндеуден өткізу жайын айтты.
Қажымұқандық зейнеткер Н.Есенбекова шығармашылық кеш өткізуге аудан әкімінен қолдау күтетінін жеткізді.
Алмасбек Кеңесбекұлы көтерілген мәселелерге қатысты орынбасарлары мен тиісті сала басшыларының ұсыныстарын тыңдап, Заң аясында шешуді тапсырды.