Еліміздегі 90 теміржол станциясының атауы жаңартылады, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның 2016 жылдың 1 қарашасында өткен кезекті отырысында Қазақстандағы теміржол станцияларының атауын қарау мәселесі көтеріліп, онда комиссия мүшелерінің шешімімен 90 станцияның атауы жаңартылды», — деп көрсетілген ведомство хабарында.
Айта кетейік, ұсынылған станция атауларының барлығы 92, оның ішінде 87 станцияның атауы «ҚТЖ» ҰК» АҚ хатымен ұсынылды, Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің хатымен 5 ұсынылды. 2 станцияның атауы қайта пысықтауға жіберілді (Пешковка, Глубокое).
ҚазТАГ