«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «MOVE UP 2050» азаматтық қоғам белсенділерінің ұлттық кеңесі өтті. «АЛМА-ТАУ» демалыс аймағында ұйымдастырылған іс-шара жаңа толқынның көсбасшылары саналатын жастарды өз Отанының болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге шақырды.
«MOVE UP 2050» — республикалық коммуникативтік алаңында қатысушылар өз көзқарасын ортаға салып, еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Әрі ортақ ой ортақтасу арқылы жаңа серіктестермен танысып, бизнес-жобаларды бірлікте талқылады. Үш жыл бойы қозғалыс жұмысын қортындылаған кездесуде болашақ жобалар туралы тұшымды пікірлер айтылды.
«MOVE UP 2050» жиынында бизнес және экономикалық тұрақтылық, әлеуметтік трансформация және азаматтық қоғам, болашақтағы тұрақты инновация сияқты пәндік салалар бойынша түрлі жұмыс платформасы таныстырылды. Модераторлар семинар барысында осы салаларда өз тәжірибелерімен бөлісті. Айта кетерлігі, айтулы шараға белгілі саясаттанушы, қоғам белсенділері Ерлан Қарин және Айдос Сарым, Айдан Кәрібжанов, Алексей Ситников қатысып, екі күндік жиында қатысушылармен «Ашық студия» өткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша жақсы ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жіберіліп, бір ауыздан азаматтық қоғам белсенділерінің қаулы қабылданды.
Шымкент қаласы