Табысты жалпыға бірдей мағлұмдау Қазақстанда 2020 жылдан бастап енгізіледі, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс департаментінің төрағасы Дәулет Ерғожин.
«Жалпыға бірдей декларациялау кезеңіне бірден – 2020 жылы жалпыға бірдей өту күтілуде. Алайда осы уақытқа дейін барлық мемлекеттік орган ешқандай мәселе туындамас үшін өздерінің мәліметтер базасын тазалауы керек», — деді Д.Ерғожин жұма күні салық саясатының негізгі бағыттарын қоғаммен талқылау барысында.
«Сондай-ақ, парламенттегі талқылау мен жалпыға бірдей декларациялау енгізу мерзімін ауыстыруды ескере отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілген мүліктің шектік мәнін көтеру, декларацияда көрсетілген мәліметтердің дұрыс болмағаны және уақытылы тапсырылмағаны үшін әкімшілік айыппұл көлемін төмендету көзделуде», — деді ол.
Бұған дейін 2017 жылдан бастап Қазақстанда жаппай декларацияға өтудің бірінші кезеңі басталады, ал 2020 жылдан бастап елдегі барлық халық өз кірістерін мағлұмдауға міндетті деп хабарланған болатын.