21 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың азаматтарды жеке қабылдауы болып өтті.
Қабылдау барысында елордалық тұрғындар тікелей жүздесуге мүмкіндік алса, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысының азаматтары бейне-конференц жүйесі арқылы байланысқа шықты.
Азаматтар өз тарапынан қызметтік баспанамен қамтамасыз ету, макорон өнімін шығару цехын ашу үшін несие алу, дәнді дақылдарды өсіру, бау-бақша дақылдарын өсіру үшін мемлекет тарапынан субсидия алу және жеке ісін жүргізу үшін жер телімдерін алу мәселелерін ортаға салды.
Айта кетейік, шараға «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының орынбасары Б.Қыстауов пен «Нұр Отан» партиясының Ақмола облысы филиалы төрағасының орынбасары А.Біржанов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ш.Сәдуақасов, Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Тұрбеков пен Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының басшысы А.Кадралина қатысты.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі