«Қазгидромет» РМК бас директоры ауысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметке Марат Кынатов келді. Бұған дейін ол «Павлодар» арнайы экономикалық аймақ басқару компаниясы» АҚ-ны басқарған.
«Қазақстан Републикасы Энергетика министрінің бұйрығымен «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жаңа бас директор — Кынатов Марат Полатұлы тағайындалды», — делінген кәсіпорынның сайтында жарияланған хабарламада.
Сонымен қатар, Қынатов Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басқару және қаржы департаментінің директоры болған. «ЖамбылГидроЭнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарған.