Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментіне жаңа басшы келді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Бұйрығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы болып Жанат Қуанышұлы Сүлейменов тағайындалды.
Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысының тумасы. Ол КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары милиция мектебін және Ішкі істер министрлігі академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облыстық атқару комитетінде жедел өкіл болып бастаған.
Ішкі істер органы қызметінің барлық сатыларынан өткен полиция полковнигі 2009 жылы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетін басқарса, 2011 жылы ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы болып еңбек етеді.
Осы тағайындауға дейін Қызылорда облысының Ішкі сітер департаментінің бастығы қызметін абыроймен атқарып келді.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен, «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін», «ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері» төс белгілерімен марапатталған.