Қала әкімдігінде өткен алқалы жиында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қалалық білім бөлімінің жаңа басшысын таныстырды. Ол – Жанат Арысбекқызы Тәжиева. Бұған дейін Жанат Арысбекқызы Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне жетекшілік жасап келген еді.
Жанат Арысбекқызы Тәжиева — 30 жыл ғұмырын білім саласына арнаған тәжірибелі маман. Еңбек жолын орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. Біраз уақыт ОҚО білім департаментінде, мұнан кейін 5 жыл бойы қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
Мәжілісте Шымкент қаласының әкімі жаңа басшының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, қаланың білім беру саласын жоғары жетістіктерге жеткізетініне сенім білдірді.
АРМАТУРА БАҒАСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА
Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. Ағымдағы...