2016 жылдың ақпан айының ортасында Сарыағаш АІІБ полиция бөліміне, аудандық ауруханаға 1986 жылғы дене жарақатын алған жергілікті тұрғынның жеткізілгені туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, жәбірленуші сөзінен анықтағаны, Жібек жолы-Жетісай тас жолында өзінің «ВАЗ» маркалы автокөлігіне белгісіз екі азамат келіп, көлік иесін соққыға жығып, 100 мың теңге шамасындағы ақшасын, автокөлікмагнитофонын және ұялы телефонын тартып алып кеткен. Арада екі ай өткен соң, Сарыағаш АІІБ ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру жұмыстары барысында 1999 жылы туылған жергілікті екі тұрғынды құрықтады. Аталған жайт Сарыағаш АІІБ ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, ҚР ҚК 191-бабы бойынша «Тонау» қылмыстық іс қозғалды. Айғақты зат ретінде полицейлер автокөлік магнитофонын тәркіледі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі