Осы жылдың басында бастау алған MNP қызметі, нөмірді сақтай отырып, операторларды ауыстыру, телекоммуникация саласының корпоративтік клиенттерінің нарығын да қамтып отыр. Кейбір компаниялар байланыс пен сервистің жақсы сапасын алу мақсатымен өз операторларын ауыстыруда. Жаңа әріптестік әрдайым клиенттердің күткеніндей болмайды, және бұрынғы өзара әрекеттестіктер табысты қалпына келтірілуде.
«КазТехноPol Алматы» компаниясы өз бизнесін 2004 жылдан бастап жүргізіп келеді, ол «Yutong» компаниясының ресми дилері болып табылады және Yutong автобустарына кепілдікті қызмет көрсетуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстанға Foton автобустарын жеткізумен және осы автобустарға сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Мұндай ауқымды жұмысты компанияның Рудный, Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында орналасқан бес филиалдарында 40-тан астам адам жүзеге асырады. Компанияның қызметкерлері жиі өз клиенттерінің техникаларына сервистік қызмет көрсетуге шығып тұрады, ал олар ENRC, «Қазақмыс», «ҚТЖ» секілді компаниялар. Жиі мұндай техникалар жолдарда болады, кейбір кездері шалғайда далада қалдырылып кетеді. Мұндай бизнес үшін ұялы байланыстың сапасы мен қамтуы өмірлік маңызы бар қажеттілікке айналып отыр. Көптеген қазақстандық компаниялар секілді «КазТехноPol Алматы» MNP нөмірін ауыстыру қызметін пайдаланған, алайда 60 күн өткеннен кейін әртүрлі операторлардың жақсы және нашар жақтарын салыстыра отырып, «Кселл» компаниясына қайта оралды.
«КазТехноPol Алматы» директоры ЕрболТоғанасұлы Кауменов өзінің компаниясы үшін әрдайым байланыста болудың қаншалықты маңызды екендігі туралы айтып өтті.
Сіздің филиалдарыңыз Қазақстанның әр түрлі аймақтарында орналасқан, оларды басқару және клиенттерге сапалы қызмет көрсету үшін байланыс сіз үшін қаншалықты маңызды?
Біз үшін қамту деңгейі және сөйлесулердің ұзақтығы бойынша шектеулердің болмауы маңызды. Мысалы, атап айтқанда, «Кселл» компаниясы, бізде көптеген телефондар осы компанияға қосылған. Және басымдылықтары мыналар, бізде кредиттік жүйе, біз бірінші сөйлесеміз, содан кейін айдың соңында төлейміз, бұл өте қолайлы, және біздің сөйлесулеріміз шектелмеген. Бұл байланыстың таралуы да аса жақсы. Біздің жігіттер облыстарға шығады, қалалардан тысқары шалғай жерлерге барады, және ауылдарда «Кселл» байланысы жақсы ұстайды. Міне осы артықшылықтары үшін және ең бастысы – байланыс сапасы үшін біз «Кселл» компаниясын таңдаймыз. Жақсы естіледі, жақсы дыбыс-бұл да жұмыста айтарлықтай орыналады.
Сіздер әр түрлі операторлар мен жұмыс істедіңіздер, әйтсе де сіз MNP шеңберінде «Кселл» компаниясына тоқтадыңыз. Бұл немен байланысты?
Иә, біз MNP бағдарламасы бойынша «Кселл»-ден басқа операторларға кеткен едік, бірақ бізге оларда байланыс сапасы да, олардың таралуы да ұнамады, кредиттік жүйе жоқ. Яғни біз ол жерде мен сіздерге жоғарыда айтып өткен артықшылықтарды ала алмадық, оларда бұл артықшылықтар болмады. Біз енді кетпейтін боламыз деп ойлаймын.
Сіздер қазіргі кезде қандай тарифтік жоспарларды пайдаланып отырсыздар?
Біз «Карт Бланш» тарифтік жоспарына қосылдық, ол біздің бизнесіміз үшін өте қолайлы. Бізді қосылған минуттардың, смс саны қызықтырады, мұнда кредиттік жүйе бар және айдың аяғына төлеу мүмкіндігі берілген. Бұл біздің жұмысымыз үшін қажетті. Әрине байланыс сапасы да. Бәрі жеткілікті деңгейде жақсы, және маған, пайдаланушы ретінде де, және компания директоры ретінде де, аса қолайлы. Менің отбасым толығымен осы оператордың желісіне қосылған. Біздің ұжым, бұл 40-тан аса адам, «Кселл» желісіне қосылған. Бізде осындай ортақ отбасылық корпоративтік байланысымыз бар деп айтуға болады.