Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазпошта» бөлімшесінен қаржы ұрлағандар сотталды. Шардарадағы филиалға ұрлыққа түскен 3 азамат алда 11 жылын темір тордың ар жағында өткізбек. Оқиға 2015 жылдың тамызында орын алған. Алдын-ала дайындық бойынша тонауға барған үшеудің біреуі көлікте күтіп қалса, қалған екеуі «Қазпошта» ғимаратына кіріп, ол жерде күзетшінің аяқ-қолын байлап, ішінде 524 мың теңгесі бар инкассаторлық қапты алып шыққан. Араға көп уақыт салмай, күдіктілер құрықталды. Олар мінген көлік ішінен ақша, суық қару мен бетперде табылған. Бүгінде үш азамат ҚР ҚК-ның 287 және 192 баптарына сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылдан арқалады.