Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып Леонид Питаленко мен Розақұл Халмурадов тағайындалды. Оларды тағайындау туралы Өкімге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қол қойды. Осыдан кейін, Ассамблея кеңесі төраға орынбасары лауазымына «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Леонид Питаленко мен Қазақстандағы өзбектердің қоғамдық бірлестігі қауымдастығының құрметті төрағасы Розақұл Халмурадовты ұсынды. Оңтүстікте бірқатар қызметтер атқара отырып, облыс әкімінің орынбасары және әкімнің кеңесшісі болған Розақұл Халмурадов сонымен қатар, төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Бесінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты.
АРМАТУРА БАҒАСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА
Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. Ағымдағы...