«Нұр Отан» партиясы Төрғасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың бұйрығымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымына қабылданды. Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы туылған. Білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бас кедендік басқармасында инспектор болып бастаған. 2002-2009 жылдары ОҚО бойынша Бас кедендік басқармасында аға инспектор, бас маман, бөлім бастығы, контрабандаға қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары, 2010-2014 жылдары ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында бөлім басшысы, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басқарма бастығы, ОҚО құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдың қарашасынан «АгроНК» ЖШС-ында директордың орынбасары лауазымында болған.
АРМАТУРА БАҒАСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА
Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. Ағымдағы...