Словакия Республикасының бизнес делегациясы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына ресми сапармен келді. Словакия делегациясы облысымыздың инвестициялық мүмкіндіктерімен алдын ала таныстырылған болатын. Оған қоса, облысымыздың туристік инвестициялық потенциалын көрсету үшін Түркістан қаласы және Сарыағаш ауданына қосымша сапар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ОҚО денсаулық сақтау басқармасымен сұхбат барысында медицина саласындағы дәрігерлердің біліктілігін арттыру және жедел медициналық жәрдем бойынша мәселелер талқыланып, осы саланы модернизациялау бойынша сөз қозғалды. Словакия делегациясының ОҚО-дағы апталық сапары барысында денсаулық сақтау және туризм салаларына инвестициялау ниеті анықталды. Сапар қорытындысы бойынша денсаулық сақтау және туризм саласында инвестициялық жобаларды бірегейлі жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімдігі мен «Инвест Консалт» Словакия компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Осы жобаларды жүзеге асыруда ОҚО әкімшілігі Словак инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
АРМАТУРА БАҒАСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА
Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. Ағымдағы...