4

«Дін-бірлікке бағыттайды» тақырыбында облыстық семинар өтті

ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Дін-бірлікке бағыттайды» тақырыбында облыстық семинар өтті. Еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға негізделген басқосуға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Маямеров арнайы қатысты.

3Іс-шара мақсаты-еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және дінаралық татулық пен келісімді нығайту болып табылады. Осы орайда келелі басқосуға аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, зиялы қауым және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мешіт имамдары мен дінтанушы ғалымдар да қатысты. Діни басқарма тәуелсіздік алған жылдардан бері өзінің 25 жылдық тарихында діни салада ауқымды іс-шаралар атқарды, берекелі бастамаларға ұйытқы болды. Еліміздегі 2,5 мыңнан астам мешіт халқымыздың бірлігін ұйыстыратын дәстүрлі рухани орталыққа айналды.  Толыққанды кәсіби мамандардың ілегі қалыптасты.  Алғашқы кезде имамдарымыз бес уақыт намазды өткізумен шектелсе, бүгінгі таңда халық арасындағы сұранысқа жауап бере алатын, қоғамдық мәселеге белсене араласатын діни тұлғаға айналды. Осылай деген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін саласындағы қол жеткізген   жетістіктерге кеңінен  тоқталды.  Дін-өмір сүрудің үздік үлгісі, екі дүние бақытына жетелейтін жол. Дін – адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке ұйытатын құдіретті күш. Сондай-ақ дін адамдық қасиетті қалыптастыратын, жаратушыға жағымсыз амалдан арылтатын күш. Осындай ойлар айтылған семинар барысында бірқатар баяндамалар оқылып, өзект ойі пікірлер ортаға тасталды. Дін адамды Алланың даналыққа құрылған таңғажайып жаратылысынан ғибрат алуға, өмірдегі мақсаты мен міндетін айқындап беретін, Құдайға құлшылық етуге тәрбиелейтін ұлы жол. Ислам адамға екі дүниенің қуанышы мен сыйына, бақыты мен берекетіне жетелейтін тура жолды көрсетеді. Адамның бүкіл өмірін, амалын ізгілікке қайырымдылыққа бағыттайды.  Бұл тұрғыда мұндай семинарлардың берері мол болмақ.

Абай ОМАР1




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!