Елордада құрылысы басталған 30 тұрғын үй кешенінің құжаттарында кем-кетік көп. Салымшылар сеніміне селкеу түсірген компаниялардың 10 өкілі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал біреуі шетелде іздеуде жүр. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін жаңа инвесторлар қажет. Сол үшін арнайы комиссия құрылып, қосымша қаржы көздері қарастырылып жатыр. Жалпы бас қаладааумағы 18 миллион шаршы метрден асатын тұрғын үй кешені бар. Көпқабатты үйлердің 80%-ы салымшылардың қаржысына салынған. Дегенмен үлескерлер арасындағы дау тыйылар емес. Пайдалануға берілген бірнеше үйдегі пәтерлер келісімге сай бөлінбендіктен нарызылық білдірушілер көп. Айта кетейік, өзгенің мүлкін талан-таражға салған «Азбука жилья», «Әл-Барақат», «Төленді» және «Орал дизайн строй-сервис» серіктестіктерінің басшылығы қазір жауапқа тартылып жатыр. Сергей Хорошун, Астана қаласы әкімінің орынбасары: — Әзірге құрылысты жалғастыруды қалайтын инвесторлармен алдын ала келісім жасалды. Нақты келісім екі аптадан кейін белгілі болады. Бүгінде құрылысты барлық заңдарға сәйкесжүргізетін компаниялар аз. Тіпті тиісті лецензиялары да алынбаған. Жалпы қала әкімдігі қандай да бір компания құрылысына салым жасамас бұрын аса сақ болу керектігін айтады. Алдымен үй салушының құжаттары Астана қаласы әкімдігінің сайтында жазылған арнайы талапқа сай болуы тиіс.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...