Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Сарыағаш ауданында егістік алқабы 70 мың гектарға жеткізілмек
    Агро

    Сарыағаш ауданында егістік алқабы 70 мың гектарға жеткізілмек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.02.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жасалған үш жақтама келісім бойынша бекітілген 26 көрсеткіштің 24-і орындалған. Ауданда былтыр өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 86 млрд. теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен орындалуы 92 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде қарқынды жеміс бауы 100 га, жүзім бауы 110 гектарға артты. Сондай-ақ ауданда 40 бірлік шағын мал бордақылау алаңы,    9 бірлік жанұялық сүт аулалары құрылды. Биыл ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 69,7 мың гектар жерге егіс егу жоспарлануда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бір алқаптан жылына екі-үш өнім алу жобасы аясында былтыр 100-ге жуық шаруа қожалықтарын қатыстыру жоспарланған. Ал, биыл олардың саны төрт есе артып, 400 — ге жеткізу көзделген.

    Сонымен қатар, 30 гектар жерге жылыжай салу, 600 гектар жерге тамшылатып суару әдісін енгізу, 80 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау жоспарланып отыр. Ауданда осы жылы 1 мың бастан жоғары мал бордақылау алаңы салынбақ.

    Ағын су жүйесін дамыту мақсатында былтыр 607,5 млн. теңгеге 27  шақырымды құрайтын 5 нысан жөндеуден өткізілді. Соның нәтижесінде 364 га суармалы жер қайта айналымға қосылып, 2180 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды. Биыл осы бағытта 767,3 млн. теңгеге 62 шақырымды құрайтын 11 нысан жөндеуден өткізілмек. Қайта айналымға қосылатын суармалы жер көлемін қосымша 230 гектарға және 2336,5 га жерге су өткізу мүмкіндігін жақсарту жоспарланып отыр.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.